Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 387 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып қайта аталды.
2. Кәсіпорынның меншік иесі және құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) болып табылады.
4. Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданының орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі, атауы және орналасқан жері
6. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және атауы жазылған мөрі, бланкілері, мөртабандары және өзге де ресми атрибуттары бар.
7. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
8. Кәсіпорынның атауы:
мемлекеттік тілде:
толық: «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
қысқартылған: «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар аудандық орталық ауруханасы» МКК-ы;
орыс тілінде:
толық: государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Талгарская центральная районная больница» государственного учреждения «Управление здравоохранения Алматинской области»;
қысқартылған: ГКП на ПХВ «Талгарская центральная районная больница» ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области».
Кәсіпорынның орналасқан жері: индекс 041600, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Павлов көшесі, 5А.
3. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары, нысанасы және міндеттері
9. Кәсіпорынды құрудың мақсаты:
1) денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2) нарықты медициналық қызметтермен толықтыру арқылы әлеуметтік міндеттерді шешу;
3) халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламалық құжаттарды орындау;
4) халықты медициналық көмекпен қажетті көлемде қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік тапсырысты, ақылы қызметтерді және басқа да заңды және жеке тұлғалармен шарттарды орындау есебінен Кәсіпорынның қызметін одан әрі қолдау және дамыту үшін қажетті кіріс алу.
10. Кәсіпорын қызметінің нысанасы:
1) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген түрлі нысандарда медициналық көмектің негізгі түрлерін ұсыну;
2) зертханалық диагностика, патологиялық-анатомиялық диагностика;
3) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет: аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық тексеріп-қараулар жүргізу, профилактикалық екпелер жүргізу және басқа да қызмет түрлері;
4) денсаулық сақтау саласындағы сараптама: медициналық қызметтер сапасының ішкі сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;
5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;
6) дәстүрлі медицина қызметтерін ұсыну (гомеопатия, физиотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу);
7) қанды және оның компоненттерін дайындау, консервациялау, өңдеу және сақтау;
8) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет.
11. Кәсіпорынның міндеттері:
1) медициналық ұйымдарға қызметтің негізгі бағыттары бойынша кәсіптік курстар, медициналық семинарлар, тренингтер, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу нысанында ақпараттық-консультациялық көмек көрсету; денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасу бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласында өткізілетін іс-шараларға қатысу;
2) науқастарды тегін емдеуге мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражатты мақсатты және ұтымды жұмсау;
3) науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері мен құралдарын уақтылы игеру және практикаға енгізу;
4) Кәсіпорынның қызмет көрсету аумағындағы науқастарды толық есепке алу, жылдық есеп жасау;
5) Кәсіпорынның медицина қызметкерлерінің мамандануын және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;
6) емдеу-диагностикалық қызметті одан әрі жетілдіру жөніндегі орта мерзімді және перспективалық жоспарларды әзірлеу;
7) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі санитариялық-ағарту жұмысы;
8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілмеген медициналық қызметтерді ақылы негізде көрсету;
9) шарттық негізде медициналық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өз қызметі үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру.
12. Кәсіпорын қолданыстағы заңнамада тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
13. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.
14. Мемлекеттік лицензиялауға жататын медициналық және өзге де қызметті Кәсіпорын тиісті лицензиялар болған кезде жүзеге асырады.
4. Кәсіпорынды басқару
15. Кәсіпорынның уәкілетті органының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша Кәсіпорынның Жарғысын бекіту;
Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына сәйкес келмейтін, артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлікті алып қою туралы шешімдер шығару;
мүліктің тиімді және мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешу.
16. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органының мынадай өкілеттіктері бар:
Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерін айқындайды, қарайды және бекітеді, оларды ұсынудың кезеңділігі мен тәртібін белгілейді;
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады және тиісті есепті уәкілетті органға ол белгілеген мерзімде ұсынады;
Кәсіпорынның басшысын тағайындайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен аттестаттаудан өткізеді;
Кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша басшының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің (олар болған жағдайда) басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға келісім береді;
Кәсіпорын мүлкінің мақсатына сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
17. Кәсіпорынның басшысын мемлекеттік басқару органы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорындағы істің жай-күйі үшін меншік иесінің (уәкілетті органның) және мемлекеттік басқару органының алдында дербес жауапты болады.
19. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалған өз құзыретіне сәйкес Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
20. Басшы:
Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
барлық органдарда Кәсіпорынның мүдделерін білдіреді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
сенімхаттар береді;
банк шоттарын ашады;
өз құзыреті шегінде және еңбек заңнамасына сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
мемлекеттік басқару органы белгілеген еңбекақы қоры шегінде Кәсіпорынның құрылымын, еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерін, қызметкерлерге сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
орынбасарлардың және Кәсіпорынның өзге де басшы қызметкерлерінің құзыретін айқындайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны және Кәсіпорын қызметкерлерінің олар туралы хабардар етпегені үшін жауапты болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.
5. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдері
21. Кәсіпорынның құрамына мынадай құрылымдық бөлімдер кіреді:
1) бейінді стационарлық бөлімдер;
2) амбулаториялық-емханалық бөлім;
3) стационарды алмастыратын бөлім;
4) жедел медициналық көмек бөлімі;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімі;
6) зертханалық-диагностикалық бөлім;
7) патологиялық-анатомиялық бюро;
8) қосалқы қызметтер;
9) әкімшілік-шаруашылық бөлім;
10) аумақтық белгісі бойынша ауылдық ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер.
22. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдері мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша құрылады және басшы бекіткен Ережелер негізінде әрекет етеді. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдері туралы ережелер осы Жарғыға қайшы келмеуге тиіс.
23. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдері басшыларының құзыретін Кәсіпорынның басшысы айқындайды.
6. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі
24. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін медициналық қызметтер көрсетумен қатар, Кәсіпорын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес денсаулық сақтау саласында ақылы медициналық және өзге де қызметтер көрсетеді.
25. Ақылы медициналық қызметтерді өткізуге байланысты Кәсіпорын мен пациенттің арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалатын шартпен реттеледі.
7. Кәсіпорынның мүлкі
26. Кәсіпорынның мүлкін құны Кәсіпорынның дербес балансында көрсетілетін Кәсіпорынның барлық активтері құрайды.
27. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлінуі мүмкін емес.
28. Кәсіпорынның мүлкі: меншік иесі берген мүліктің; өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда); Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптасады.
29. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген, негізгі құралдарға жататын мүлікті, сондай-ақ өзіне тиесілі акцияларды сатуға, сыйға тарту мәмілелерін жасауға, жалға беруге құқылы емес.
30. Жарғылық қызметтің мақсаттарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын Кәсіпорынның мүлкі уәкілетті органның шешімі бойынша алып қойылуы мүмкін.
Мүлікті алып қою туралы шешімде уәкілетті орган Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті басқа тұлғаға бергенге дейін және кейіннен балансынан есептен шығарғанға дейін оны ұстау және сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.
31. Кәсіпорын уәкілетті органның ұсынуы бойынша мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен:
филиалдар, өкілдіктер құруға;
үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдік немесе кепілгерлік беруге; қарыздар беруге құқылы.
32. Мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны, егер меншік иесі (уәкілетті орган) өзгеше белгілемесе, Кәсіпорын дербес пайдаланады.
33. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында өзіне бекітілген, негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
34. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 5 741 644 700 (бес миллиард жеті жүз қырық бір миллион алты жүз қырық төрт мың жеті жүз) теңге мөлшерінде 100 пайызға толық қалыптастырылған.
9. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру, тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бағалар, бухгалтерлік есеп
35. Кәсіпорын өз қызметінен түсетін кірістер есебінен ұсталады.
36. Кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органы жергілікті қаржы органдарымен келісу бойынша белгілейді.
Кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке есептелуге жатады.
37. Кәсіпорын өндіретін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар Кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарының толық өтелуін, қызметтің шығынсыздығын және өз қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.
38. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Кәсіпорын мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша белгілейді.
10. Жұмыс режимі және еңбек ұжымымен қарым-қатынас
39. Жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады, оны басшы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктерді ескере отырып белгілейді.
40. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
41. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органымен және уәкілетті органмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
11. Кәсіпорынның жауапкершілігі
42. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
43. Кәсіпорын өз мүлкі меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
44. Уәкілетті органның немесе мемлекеттік басқару органының әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдайларын қоспағанда, мемлекет Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Бұл жағдайларда Кәсіпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде мемлекет оның міндеттемелері бойынша жауап береді.
12. Байқау кеңесі
45. Кәсіпорынның органы болып табылатын Байқау кеңесін енгізу, оның қызметі, өкілеттіктері және өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
46. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімі бойынша енгізіледі.
14. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
47. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын азаматтық заңнамада көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік басқару органы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.
48. Таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.
Таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы, оның ішінде Кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражат мемлекеттік бюджеттің кірісіне есептеледі.