Талғар ОАА-ның негізгі міндеттері:
- бекітілген халыққа аумақтық қағидат бойынша емханада да, үйде де ересектер мен балаларға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету;
- бекітілген халық арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- бекітілген халықты диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- бекітілген халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Жүктелген міндеттерді орындау үшін Талғар ОАА бекітілген халыққа амбулаториялық жағдайда, үйде, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда білікті және мамандандырылған көмек көрсетеді, оған мыналар кіреді:
- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде пациенттерге дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсету;
- ауруларды ерте анықтау мақсатында пациенттерді тексеру;
- пациенттерді емдеу;
- стационарлық емдеуге мұқтаж адамдарды ауруханаға жатқызу;
- пациенттерді мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес ауруханаға жатқызуға жіберу (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығы, adilet);
- науқастарды қалпына келтіру емі;
- диспансерлеу және профилактикалық тексеріп-қараулар;
- бекітілген халықты ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (adilet);
- жұқпалы аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу;
- науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізу, еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалту белгілері бар адамдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына жіберу;
- бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- халықты гигиеналық оқыту, оның ішінде отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау мәселелері бойынша;
- иммундық профилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 (adilet) және министрдің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 (adilet) бұйрықтарына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар мен скринингтік зерттеулер жүргізу;
- денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығы, adilet) бекітілген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.