БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Мамандардың кәсібилігі мен заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып, пациенттердің денсаулығын қорғау және олардың өмір сапасын арттыру!
Негізгі құндылықтар:
Мейірімділік – бәсекеге қабілетті бағамен жоғары сапалы қызмет көрсету үшін әрбір пациенттің қажеттіліктерін бағалау;
Құрмет – пациенттердің қадір-қасиеті мен жеке басын құрметтеу;
Тұтастық – жарияланған стандарттар қағидаттарын сақтау, пациенттермен қарым-қатынаста да, «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК ұжымы ішінде де жоғары сенім мен әдептілік таныту;
Әріптестік – тұрақты өзін-өзі талдау және ынтымақтастық, сондай-ақ жауапкершілік пен жұмыс көлеміне негізделген сенім жүйесін құру;
Ашықтық – жеке және ұжымдық әрекеттерде адалдық пен әдептілік қағидаттарын сақтау;
Кәсібилік – үздіксіз даму мен оқу негізінде пациент пен «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК ұжымының игілігі үшін жоғары нәтижеге жетуге бар білімін, мүмкіндігі мен тәжірибесін жұмсау;
Біз негізгі міндеттеріміз бен құндылықтарымыз адамдар мен қоғамға қызмет етуге бағытталғанына кәміл сенеміз;
Біз барлық әрекеттеріміз үшін жауап беретінімізге кәміл сенеміз;
Біз идеяларымыздың нақты әрі тиімді жүзеге асатынына, өзіміз қызмет ететін қоғамның игілігі үшін берік әрі тұрақты ынтымақтастықтың дамитынына сенеміз.