Біздің веб-сайтқа қош келдіңіздер!
Құрметті келушілер!
Сіздерді Талғар орталық аудандық ауруханасының сайтында көргеніме қуаныштымын!
Сайтымыздың беттерінде аурухананың тарихымен танысып, көрсетілетін қызметтер, тиімді емдеу әдістері, түрлі аурулардың алдын алу туралы, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын реттейтін ақпаратпен таныса аласыздар.
Біздің аурухана қарқынды дамып келеді: ұсынылатын медициналық қызметтердің тізбесін кеңейтіп, сапасын арттыруда, медицина кадрларын оқытумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысады, заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарын үнемі сатып алады.
Талғар ОАА ұжымы – өз ісінің кәсіби мамандары мен білгірлері болып табылатын дәрігерлердің, мейіргерлердің және көмекші персоналдың біртұтас командасы. Ауруханада науқастарды тексеру мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген, біліктілігін арттырған жоғары білікті дәрігерлер адал еңбек етеді.
Ақпарат жаңартылуда, жақын арада пайда болады, күте тұрыңыз
Денсаулығыңызды сақтаңыздар және білікті медицина мамандарының көмегі қажет болса, біз әрқашан көмектесуге дайын екенімізге сенімді болыңыздар!
Құрметпен,
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Талғар ОАА» ШЖҚ МКК директоры
Егембердиева Майра Әбдіқалиқызы