A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Алматы облысы, Талғар қ., Наурызбай батыр к-сі, 47
A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Талғар орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК · Алматы облысы
Анықтама қызметі +77277499975 / +77277499977
103

Пациенттердің міндеттері

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі.

135-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста құрмет пен сабырлық танытуға;

3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін медицина қызметкерлерінің тағайындауын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

2. Пациенттердің осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген міндеттері стационарда ауру балаға күтімді тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

Пациенттің құқықтары — 134-бап.

Заң мәтіні adilet.zan.kz сайтымен 12.10.2026 салыстырылды.

Ресми ресурстар