Гинекология бөлімінде 20 төсек. Бөлімге «Гинекология» бейіні бойынша мамандандырылған стационарлық медициналық көмекке мұқтаж әйелдер жатқызылады. Шұғыл гинекологиялық көмек тәулік бойы көрсетіледі. Жоспарлы емдеуге жатқызу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Емдеуге жатқызу бейіні
- Шұғыл емдеуге жатқызу: жіті гинекологиялық аурулар, жатырдан қан кету, жатырдан тыс жүктілікке күдік, аналық без апоплексиясы, жатыр қосалқыларының бұралуы және басқа да шұғыл жағдайлар.
- Жоспарлы емдеуге жатқызу: стационарлық тексеруді және емдеуді, оның ішінде оперативтік емдеуді қажет ететін репродуктивтік жүйе мүшелерінің қатерсіз аурулары.
- Жүктілікті үзу: белгіленген тәртіппен жүктілікті медициналық үзу және аборттан кейінгі асқынуларды емдеу үшін емдеуге жатқызу.
- Ерте мерзімдегі жүктілік: жүктіліктің үзілу қаупі, ерте токсикоздар және стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да асқынулар кезінде 21 апта 6 күнді қоса алғанға дейінгі жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу.
- Операциядан кейінгі бақылау: жоспарлы және шұғыл гинекологиялық операциялардан кейін пациенттерді бақылау және емдеу.
Емдеуге жатқызу медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарына, бөлімнің бейініне және медициналық ұйымның мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.