A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Алматы облысы, Талғар қ., Наурызбай батыр к-сі, 47
A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Талғар орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК · Алматы облысы
Анықтама қызметі +77277499975 / +77277499977
103

Емханаға қалай бекітілуге болады

Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидалары жаңартылды. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 95 бұйрығымен енгізілді, ол 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрықты жаңартты.

Жаңартылған Қағидаларға сәйкес бекіту тұрақты немесе уақытша тіркелген жерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын және медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігіне қойылатын белгіленген талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.

Әрбір азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде медициналық көмек алу үшін бір МСАК ұйымына бекітіледі.

Емханаға қалай бекітілуге болады?

  1. Онлайн – өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады: «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.
  2. Емханада – тіркеу бөліміне жеке басын куәландыратын құжатпен келіңіз (балаға – туу туралы куәлік және ата-ананың құжаты).

Қай емханаға бекітілгеніңізді eGov-тан немесе тіркеу бөлімінен білуге болады.

Ресми құжаттар және пайдалы сілтемелер

Бекіту мәселелері бойынша медициналық ұйымның тіркеу бөліміне немесе 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз.

Тіркеу бөлімі: ересектер – +77277499975, балалар – +77277499977. Жұмыс уақыты: дс–жм 08:00–20:00, сб 08:00–13:00, жексенбі – демалыс.

Ресми ресурстар