Ақпарат жаңартылуда. Бет толықтырылуда, нақты мәліметтерді бөлімнен немесе тіркеу бөлімінен біліңіз.
Өзіңізбен не алу керек
- Жеке куәлік, жолдама (жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде), талдау нәтижелері
- Ақпарат жаңартылуда, жақын арада пайда болады, күте тұрыңыз
Перзентханаға өзіңізбен не алу керек
Талғар ОАА босандыру бөліміне жиналғанда құжаттарды, анаға арналған заттарды және жаңа туған нәрестеге қажеттінің бәрін алдын ала дайындауды ұсынамыз.
Құжаттар
- Жеке куәлік.
- Жүкті әйелдің алмасу картасы.
- Талдаулар мен тексерулердің нәтижелері (бар болса).
Анаға

- Емізуге ыңғайлы халат пен түнгі көйлектер.
- Жуылатын тәпішке.
- Шұлық және іш киім.
- Босанғаннан кейінгі төсемдер.
- Емізуге арналған бюстгальтер.
- Жеке гигиена үшін: қағаз сүлгілер, тіс щеткасы мен пастасы, сұйық сабын.
- Дәретхана қағазы, ылғал майлықтар.
- Телефон және зарядтағыш.
- Шағын бөтелкедегі ауыз су.
Жаңа туған нәрестеге

- Жаңа туған нәрестелерге арналған жөргектер (подгузник).
- Ылғал майлықтар немесе мақта дискілері.
- Жаңа туған нәрестеге арналған бірнеше жиынтық киім.
- Шұлықтар мен телпек.
- Жөргектер.
Маңызды: құнды заттарды және үлкен сөмкелерді алмаңыз.
Кеңес: босану залына бөлек шағын пакет және босанғаннан кейінгі бөлімде болуға бөлек шағын сөмке дайындаңыз.
Серіктес босану
Босандыру бөлімінде серіктес босануға қолдау көрсетіледі. Серіктес ретінде босанатын әйелдің таңдауы бойынша жақын адамы босандыру бөлімінің белгіленген талаптарын сақтай отырып қатыса алады.
Серіктес босануға қатысу үшін қажет:
- Жеке куәлік.
- Соңғы 12 ай ішінде жасалған кеуде қуысы мүшелерінің флюорографиясы.
- Таза ауыстыратын киім және жуылатын ауыстыратын аяқ киім.
- Жеке гигиена ережелерін және босандыру бөлімінің санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтау.
Серіктес жұқпалы аурулардың белгілері болмаған кезде және медициналық ұйымның ішкі ережелерін сақтай отырып жіберіледі.
Сәлемдемелер
Сәлемдемелер күн сайын 08:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады.
Азық-түлік рұқсат етілген өнімдердің бекітілген тізіміне сәйкес қабылданады. Сәлемдемелер жаңа, тиісті орамда және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы керек. Рұқсат етілген тізімге кірмейтін өнімдер қабылданбайды.
Рұқсат етілетін азық-түлік
- Бұқтырылған сиыр еті — 200 г
- Тауық еті — 200 г
- Сүт 2,5{a7e525879c14f21a20be54522f8e63fb87b00f55195136d0f7a5521f4b12f332} — 0,2 л
- Ірімшік (майлы емес) — 200 г
- Су — 0,5 л
- Буға піскен балық — 200 г
Рұқсат етілмейтін азық-түлік
- Балмұздақ
- Нан, тоқаштар
- Тұзды, кептірілген балықтар
- Саңырауқұлақтар, тұздалған түрі
- Ет, балық консервалары
- Қарбыз, қауын, алмұрт, жүзім
- Цитрус жемістері
- Газдалған сусындар
- Спирттік ішімдіктер, темекі
- Шоколад кәмпиттері
- Шемішке
- Энергетикалық сусындар
Құрметті туыстар! Перзентханаға сырттан әкелген азық-түлік пен сыртқы киімдерді целлофан пакетке салып (аты-жөнін, палата нөмірін) жазуларыңызды сұраймыз.
Электр шәйнектері мен су қайнатқыштарға қатаң тыйым салынады.
Жоспарлы емдеуге жатқызу тәртібі — «Жоспарлы емдеуге жатқызу».