A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Алматы облысы, Талғар қ., Наурызбай батыр к-сі, 47
A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Талғар орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК · Алматы облысы
Анықтама қызметі +77277499975 / +77277499977
103

Бала түнде немесе демалыс күні ауырып қалды

Бірден 103-ке қоңырау шалыңыз, егер балада:

  • тыныс алуы қиындаса, терісі немесе ерні көгерсе;
  • құрысу, есінен тану болса, бала әлсіз және ештеңеге жауап бермесе;
  • қызуы ыстық түсіретін дәріден кейін түспесе, 3 айға дейінгі нәрестеде — 38 °C және одан жоғары кез келген қызу;
  • қатты құсу немесе іш өту болса, бала су ішпесе және кіші дәретке отырмаса;
  • жарақат, күйік, улану болса немесе бала бір затты жұтып қойса.

Қауіпті белгілер болмаса

  1. Балаға су беріңіз, қызуын өлшеңіз. Ыстық түсіретін дәрі — нұсқаулықтағы жасына сай мөлшерде.
  2. Аурухананың қабылдау бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді (мекенжайы — «Байланыс» бетінде).
  3. Жұмыс күні таңертең балалар емханасының тіркеу бөліміне қоңырау шалыңыз: +77277499977 дс–жм 08:00–20:00, сб 08:00–13:00 — учаскелік педиатрға жазады немесе дәрігерді үйге шақырады.

Учаскелік педиатрыңызды білу: «Учаскеңізді біліңіз».

Басқа жағдайлар

Ресми ресурстар