A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Алматы облысы, Талғар қ., Наурызбай батыр к-сі, 47
A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Талғар орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК · Алматы облысы
Анықтама қызметі +77277499975 / +77277499977
103

Босандыру бөлімі

Ақпарат жаңартылуда, жақын арада пайда болады, күте тұрыңыз
Бөлім меңгерушісі
Талғатова Эльвира Талғатқызы
Жұмыс уақыты
Тәулік бойы, 24/7
Кабинет
Ақпарат жаңартылуда, жақын арада пайда болады, күте тұрыңыз

Көрсетілетін қызметтер

  • Физиологиялық және асқынған босануды жүргізу
  • Босануды медициналық көрсетілімдер бойынша жансыздандыру
  • Серіктес босану (жағдайлар болса)
  • Кесар тілігі
  • Ана мен баланың бірге болуы
  • Емшекпен емізуді қолдау

40 төсектік босандыру бөлімі перинаталдық көмекті өңірлендірудің II деңгейіндегі медициналық ұйымның бейініне сәйкес жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге тәулік бойы мамандандырылған акушерлік көмек көрсетеді.

Қызметтің негізгі бағыттары

Босануды қабылдау және жүргізу

  • Жүкті және босанатын әйелдерді тәулік бойы қабылдау.
  • Физиологиялық және асқынған босануды жүргізу.
  • Босану кезінде ана мен ұрықтың жағдайын бақылау.
  • Медициналық көрсетілімдер бойынша босануды жансыздандыру.
  • Жағдайлар болған кезде серіктес босану.

Оперативтік босандыру

  • Медициналық көрсетілімдер бойынша кесар тілігін жасау.
  • Акушерлік асқынулар кезіндегі оперативтік араласулар.
  • Акушерлік қан кетулер және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету.

Босанған әйелдерге көмек

  • Босанғаннан кейінгі бақылау және емдеу.
  • Босанғаннан кейінгі асқынулардың алдын алу, диагностикасы және емі.
  • Емшекпен емізуді қолдау.

Жаңа туған нәрестелерге көмек

  • Жаңа туған нәрестенің жағдайын алғашқы бағалау және күтім.
  • Қажет болған жағдайда жаңа туған нәрестелерге алғашқы реанимациялық көмек.
  • Қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ана мен баланың бірге болуы.
  • Көрсетілімдер болған кезде — жаңа туған нәрестенің жағдайын тұрақтандыру және III деңгейлі медициналық ұйымға ауыстыру.

Шұғыл акушерлік көмек

  • Жүктілік пен босанудың асқынулары кезінде тәулік бойы көмек.
  • Преэклампсия, эклампсия, акушерлік қан кетулер және басқа да ауыр жағдайлар кезінде көмек көрсету.
  • Медициналық көрсетілімдер болған кезде пациенттің жағдайын тұрақтандыру және жоғары деңгейге ауыстыруды ұйымдастыру.

Жұмыс режимі: тәулік бойы, 24/7. Медициналық көмек клиникалық көрсетілімдерге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарына және перинаталдық көмектің II деңгейіндегі медициналық ұйымның мүмкіндіктеріне сәйкес көрсетіледі.

Сәлемдемелер

Сәлемдемелер күн сайын 08:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады.

Рұқсат етілетін азық-түлік

  • Бұқтырылған сиыр еті — 200 г
  • Тауық еті — 200 г
  • Сүт 2,5{a7e525879c14f21a20be54522f8e63fb87b00f55195136d0f7a5521f4b12f332} — 0,2 л
  • Ірімшік (майлы емес) — 200 г
  • Су — 0,5 л
  • Буға піскен балық — 200 г

Рұқсат етілмейтін азық-түлік

  • Балмұздақ
  • Нан, тоқаштар
  • Тұзды, кептірілген балықтар
  • Саңырауқұлақтар, тұздалған түрі
  • Ет, балық консервалары
  • Қарбыз, қауын, алмұрт, жүзім
  • Цитрус жемістері
  • Газдалған сусындар
  • Спирттік ішімдіктер, темекі
  • Шоколад кәмпиттері
  • Шемішке
  • Энергетикалық сусындар

Құрметті туыстар! Перзентханаға сырттан әкелген азық-түлік пен сыртқы киімдерді целлофан пакетке салып (аты-жөнін, палата нөмірін) жазуларыңызды сұраймыз.

Электр шәйнектері мен су қайнатқыштарға қатаң тыйым салынады.

Перзентханаға өзіңізбен не алу керек, серіктес босану және сәлемдемелер — «Стационарға немесе перзентханаға жатсаңыз» бетінде.

Ресми ресурстар