A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Алматы облысы, Талғар қ., Наурызбай батыр к-сі, 47
A-Class Medical — сенімгерлік басқарушы Талғар орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК · Алматы облысы
Анықтама қызметі +77277499975 / +77277499977
103

Ақылы қызметтер

Ақылы медициналық және сервистік қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – пациенттер) көрсетіледі;

Ақылы медициналық қызметтер мынадай жағдайларда ұсынылады:
• пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде МСАК мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету кезінде;
• дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілермен емдеу кезінде;
• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу кезінде;
• тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеу кезінде;
• медициналық көрсетілімсіз медициналық-генетикалық зерттеулер кезінде;
• азаматтарды жұмысқа және оқуға түсу үшін медициналық тексеру кезінде;
• ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету кезінде;
• қосымша сервистік қызметтер ұсыну кезінде;
• ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 83-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде.

Негіз — ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 202-бабы (adilet-тегі мәтін) және Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидалары (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы, adilet-тегі мәтін).

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) – ҚР Үкіметі айқындайтын, ҚР азаматтары мен оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесі бойынша бірыңғай көмек көлемі;
Ақылы қызметтер – ТМККК тізбесіне кірмейтін қызметтер және пациенттердің өз қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты, ерікті медициналық сақтандыру жүйесі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен төленетін басқа да қызметтер;
Ақылы бөлімдер (палаталар) – денсаулық сақтау ұйымдарындағы ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтерді ақылы негізде көрсетуге арналған бөлімдер (палаталар).

2025 ЖЫЛҒЫ ПРЕЙСКУРАНТ жүктеп алу

Ресми ресурстар